ҚР Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Ресейге әскери техникалар жөнелте бастады» деген дақпыртты жоққа шығарды. Бұл туралы StopFake хабарлайды.

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде 2023 жылы 6 сәуірде Қарағанды облысында әскери техниканы тиеп әкетіп бара жатқан ауыр жүк көліктері түсірілген видео тарады. Видео авторы оларды Ресейге жөнелту үшін әкетіп бара жатыр деп топшылайды.»Әлеуметтік желілерде тараған қазақстандық әскери техниканы Ресейге жөнелту туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Әлеуметтік желілерде таралған видеода көрсетілген техника жауынгерлік даярлық бойынша жоспарлы оқу-жаттығулардан кері қайтарылуда. Айта кетсек, 2022 жылы 27 тамыздан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынған», – деп хабарлады ведомстводан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!