Бішкекте Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Тәжікстан Эмомали Рахмонов мемлекеттік шекараны бекіту туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйукв, ғнді құжатты екі елдің парламенті мақұлдауы керек. Айта кетсек, екі ел арасындағы шекара дауы ұзаққа созылды. Өзара түсінбеушіліктер тіпті қақтығыстар да болған еді. Парламент ұзатпай құжатты ратификациялап, Президенттер қол қойса, шекара ашылып, екі елдің халқы қайта қауышпақ. Бекітілген маңызды құжаттар 31 наурызда Ферғана жазығында өтетін саммитте тапсырылады деген болжам бар.

Екі ел арасында жылымық орнаған соң әуе рейстері де қайтадан іске қосылмақ. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!