Фото: knews.kg

Қырғызстан-Тәжікстан шекарасында оқ атылды. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі 24.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті шекара қызметінің ақпарат және коммуникациялар департаментінің мәліметінше, 7 мамыр күні шамамен сағат 12.20-да Баткен облысы Лейлек ауданы, Ақ-Босого ауылының маңында Қырғызстан шекарашысы Тәжікстан азаматтарын Қырғызстан Республикасының аумағында мал жайып жүргенін байқаған.

Тәжікстан азаматтары шекарашылардың Қырғызстан аумағынан кету талаптарын елемей, әскери қызметкерлерге тас лақтыра бастаған. Шопандардың бірі Қырғыз Республикасының шекара наряды бағытында бірнеше рет оқ атқан.

Жағдайдың ушығуына жол бермеу үшін Қырғызстан шекарашылары әуеге ескерту оқтарын атқан. Осыдан кейін шопандар Тәжікстан аумағына қашып кеткен.

Қырғыз Республикасының шекарашылары арасында зардап шеккендер жоқ. Расталмаған мәліметтер бойынша, Татарстан Республикасының бір азаматы аяғынан жарақат алған.

«Алайда жарақатты нақты қай жағдайда, қашан және қай жерде алғаны белгісіз, өйткені Тәжікстанның құқық қорғау органдары тек суретті ғана жариялаған», – деп атап өтті Қырғызстанның шекара қызметі.

Тараптардың шекара өкілдерінің кездесуі күтілуде. Қазіргі уақытта қырғыз-тәжік секторындағы жағдай тұрақты деп сипатталады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!