Фото: видеодан скриншот
Қырғызстанның Созақ ауданындағы оқушыларды қағып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, зардап шеккендер саны 25-тен 32 балаға дейін өсті.
Ауруханадағы 9 баланың төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр, олардың жағдайы ауыр.
Зардап шеккендердің екеуінде бас-ми жарақаты, біреуінде ашық бас сүйек-ми жарақаты, бас сүйегінің түбінің сынуы, ал біреуінде қабырға асты сүйегінің экструзияланған сынығы бар. Көкбауыр жарылған екі балаға ота жасалды, – дейді Аурухана меңгерушісі Қыпшақбай Тоқтарбаев.
Ведомство басшысының орынбасары Октябрь Урманбетов оқиға болған аймаққа келіп, жағдайды өз бақылауына алды. Бұл іс Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Қамшыбек Ташиевтің де бақылауында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!