Қырғызстан Қорғаныс министрлігінің авиациясы бірнеше альпинистер тобын, оның ішінде шетелдіктерді де, эвакуациялады. Олардың арасында қазақстандықтар да бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Альпинистерді тікұшақтармен Ыстықкөл облысындағы Жеңіс пен Хан-Тәңірі шыңдары маңынан жеткізген, деп жазады ТАСС.
«Қырғыз Республикасы Қорғаныс министрлігінің екі тікұшағы 2025 жылдың 19 тамызында алты рейс жасап, Жеңіс пен Хан-Тәңірі шыңдары ауданынан 62 альпинисті эвакуациялады», – деп мәлімдеді ведомство өкілі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!