Қырғызстандық бизнесмен, меценат және «Қағанат» қорының негізін қалаушы Нұрғалы Асаналиев Қырғыз қағанатын конфедерация түрінде қайта жаңғырту қажеттігін мәлімдеді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның пікірінше, мұндай конфедерацияны Қырғызстан, Қазақстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Моңғолия мемлекеттері құра алады.

Асаналиевтің пікірінше, Қырғыз қағанаты бір кездері ұлы және қуатты империя болған және оны қалпына келтіру елдердің экономикалық және саяси тұрақтылығын, сондай-ақ басқа халықтармен мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

“Конфедерация – бұл мемлекеттер немесе аймақтар айтарлықтай автономия мен тәуелсіздікті сақтай отырып, біртұтас саяси құрылымға бірігетін басқару нысаны екені бәрімізге белгілі”, – дейді кәсіпкер.

Сондай-ақ Нұрғалы Асаналиев тарихтың ұлттық бірегейлікті сақтауда және болашақты құруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Оның ойынша, тарихи мұраларды сақтап қана қоймай, олардан сабақ алу үшін бұрын жасырылған тарихи фактілерді атап өту маңызды.

Бір қызығы, сұхбат барысында Ресей сияқты елдермен ынтымақтастық пен ұжымдық қауіпсіздік, сондай-ақ Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету, құтқарушыларды дайындау мәселелері де талқыланады. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!