Сурет: pixabay

Қырғызстанның премьер-министрі Ақылбек Жапаров отырыстардың бірінде ерекше мәлімдеме жасады: ол шенеуніктерге тойға баруға тыйым салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрлер кабинеті басшысының айтуынша, Садыр Жапаровтың барлық жарлықтары мен тапсырмалары сапалы әрі уақытылы орындалуы тиіс.

Сондықтан ол мемлекет басшысының той өткізу кезінде мал союға және ысырапшылдыққа тыйым салу туралы жарлығына жеке тоқталды.

«Егер сіз бір жерде ысырапшылдық көрсеңіз, ол жерге бармаңыз. Тойда жүрмеңдер»,- деді Ақылбек Жапаров

24.kg басылымның мәліметінше, 2022 жылы Қырғызстан Президенті іс-шараларды өткізу кезінде шектеулер туралы Заңға қол қойды. Мақсаты-азаматтардың әлеуметтік және экономикалық өмір сүру деңгейін көтеру. Сондай-ақ, аталмыш заң діни рәсімдер, рәсімдер және басқа да іс-шаралар кезінде ысырапшылдыққа қарсы белсенді күрес жүргізуді көздейді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!