Қырғызстанда жоғалған ирандық альпинистер қаза тапты деп танылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Азаттық радиосына сілтеп.
Қырғызстанда «Жеңіс» шыңын бағындыру барысында жоғалып кеткен ирандық альпинистер Хассан Машхадиоглу мен Марьям Пилехвари қаза тапты деп танылды. Бұл туралы альпинистер қауымдастығы мен жергілікті құтқарушылар хабарлады. Іздестіру жұмыстары тоқтатылған.
Ирандық альпинистер 5 тамызда 7 439 метрлік «Жеңіс» шыңына көтерілуді бастаған. 11 тамызда олар шыңға жеткенімен, келесі күні 7 300 метр биіктікте ресейлік альпинист Наталья Наговицинаны кездестірген соң байланыс үзілген. Құтқарушылар олардың жеке заттары мен снаряжениесін тапқанымен, өздерін таба алмады.
Бұл альпинистердің аталмыш шыңға көтерілуге үшінші талпынысы болған. Машхадиоглу Ирандағы альпинистік клубты басқарған, ал Пилехвари жаттықтырушы болып жұмыс істеген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!