Фото: kabar.kg
KAZINFORM — Синоптиктердің болжамынша, Талас, Ош, Жалал-Абад, Баткен, Нарын облыстарының басым бөлігінде, Шу, Ыстықкөл облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, таулы аймақтарда қар жауады, деп хабарлайды Хабар агенттігі.
Тау бөктерінде және жолдардың таулы бөліктерінде қар жауып, көктайғақ болады. Батыстан соғатын жел жылдамдығы 4-9 м/с жетеді.
Бішкекте бүгін көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, күндіз ауа температурасы +23, түнде +11 градусқа дейін көтеріледі.
Сондай-ақ, 22-23 сәуірге болжанған құбылмалы ауа райы мен нөсер жауынға байланысты Ош, Жалал-Абад, Баткен облыстарында сел жүру қаупі жоғары.
Төтенше жағдайлар министрлігі зардаптардың алдын алу үшін арықтар мен дренаждық арналарды тазалауға кеңес береді.
Ал Ош облысында төтенше жағдай режимі енгізілді.
Облыстың елді мекендеріндегі селге байланысты шұғыл шаралар қабылданды. Кеше Мырзаке-Қара-Құлжа-Алайқуу тас жолының 41-ші шақырымында сел жүріп, бір адам қаза тапты. Лай ағыны бір отбасының төрт адамы келе жатқан көлікті басып қалды. Жергілікті тұрғындар екі әйел мен бір баланы аман алып қалды. Ер адамды сел алып кеткен. Құтқарушылар оның денесін тауып, туыстарына тапсырды.
Күні кеше сағат 21.00-де аймақ басшысы Елшібек Жантаев штаб отырысын өткізіп, онда төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылданды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!