KAZINFORM – Қытай үкіметі АҚШ-та қосымшаға тыйым салынбауы үшін TikTok-тың америкалық бөлімшесін миллиардер Илон Маскке сату жоспарын қарастырып жатыр, деп хабарлайды CNBC.
Bloomberg-тің мәліметінше, жоспарға сәйкес Илон Маск X сияқты TikTok-тың да АҚШ-тағы бизнесін бақылайды. Алайда, Қытай үкіметінің шенеуніктері мұның жүзеге асатынын әлі шешкен жоқ. Өйткені бұл шешім — Қытай қарастырып жатқан бірнеше нұсқаның бірі.
TikTok-тың заңгерлік тобы бұл заң миллиондаған америкалық қолданушылардың сөз бостандығы құқығын бұзады деп сендірсе, АҚШ үкіметі TikTok-тың қытайлық ByteDance компаниясына тиесілі болуы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді деп мәлімдеді. Жоғарғы сот Америка үкіметінің жағында болды деп болжанып отыр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Трамптың бас адвокаттыққа ұсынған кандидаты Джон Сауэр жаңа президент қызметіне кіріскеннен кейін шешім қабылдауы үшін соттан TikTok ісін тоқтата тұруды сұраған.
Дональд Трамптың TikTok-қа қатысты риторикасы 2024 жылдың ақпанында миллиардер Джефф Ясспен кездескеннен кейін өзгере бастады, республикашыл мегадонор және ByteDance-тің ірі инвесторы, сонымен бірге Трамптың Truth Social-тағы үлесі бар.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!