KAZINFORM – Қытай киберқауіпсіздік туралы заңында ЖИ саласын реттейтін заңнамалық базаны нығайтуға бағытталған түзетулерді мақұлдады. Шешім сейсенбі күні Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының 18-ші отырысында қабылданды, деп хабарлайды Синхуа.
Жаңартылған заң жасанды интеллект технологияларының қауіпсіз және тұрақты дамуы үшін жағдай жасауға бағытталған. Құжатта жасанды интеллект саласындағы іргелі зерттеулерді қолдау, алгоритмдерді қоса алғанда, негізгі технологияларды әзірлеу және заманауи инфрақұрылымды, дерекқорлар мен есептеу жүйесін құру көзделген.
Этика мен қауіпсіздікке ерекше назар аударылады. Заң жасанды интеллектті жауапкершілікпен пайдалану стандарттарын жетілдіру, тәуекелдерді бақылау және бағалау, сондай-ақ қауіпсіздікті қадағалауды күшейту талаптарын белгілейді.
Реформаның тағы бір маңызды бағыты киберқауіпсіздік саласындағы заңды жауапкершілікті күшейту және ережелерді басқа да қолданыстағы Қытай заңдарымен үйлестіру болады. Түзетулер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Айта кетейік, осы саладағы негізгі нормативтік акт саналатын Қытай Халық Республикасының қолданыстағы Киберқауіпсіздік туралы заңы 2016 жылы қабылданған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
