Ұлттық ғарыш басқармасының (CNSA) негізгі мердігері Қытай аэроғарыштық ғылым және технология корпорациясы «Тяньвэнь-1» (Tianwen-1) миссиясының сәтті өткенін жариялады. 

Оның аясында орбиталық ұшқыш Марстың беткі қабатын суретке түсірумен айналысты.

Құрылғы 1344-тен астам орбитада көлемі 1040 ГБ  өңделмеген фотосуреттерді жинады. Бұл деректердің барлығы болашақта бүкіл әлем ғалымдары үшін ашық дереккөзі болады.

Олардың бірі – Маринер алқабында 4000 шақырымға дейін жалғасқан, тереңдігі 7 шақырымға жететін алып каньондар жүйесі. Бұл алып каньонның қалай пайда болғаны белгісіз, бірақ сарапшылар миллиардтаған жыл бұрын ғаламшар суыған кезде пайда болған деп болжайды.

Марстың оңтүстік полюсінің суреттері де бар. Бұл планетаның ерекше қызықты әрі жұмбақ бөлігі, өйткені бұл жерде үлкен мұзасты тұзды су көлі болуы мүмкін. Ол планетада тіршілік барын дәлелдейтін маңызды нысандардың бірі болып саналады.

«Тяньвэнь-1» – 2020 жылдың шілдесінде іске қосылған автоматты ғаламшар аралық бекет. Ол Марстың геологиясын зерттейтін орбиталық аппараттан және алты дөңгелекті  «Чжужун» марсоходынан тұрады.

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!