Фото: Pixabay
KAZINFORM – Қытайдың мемлекеттік қауіпсіздік полициясы 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап электронды құрылғыларды, оның ішінде смартфондар мен ноутбуктерді тексере алады. Бұл туралы Radio Free Asia.
Жаңа өкілеттіктер Қытайдың Мемлекеттік қауіпсіздік полициясына «ұлттық қауіпсіздікті» (үкімет егжей-тегжейлі экономикалық деректер мен саяси келіспеушілікті сипаттау үшін жиі қолданатын кең термин) қамтамасыз ету жөніндегі жалпыұлттық науқанның бөлігі ретінде беріледі.
Елдің Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі 26 сәуірде жариялаған құжаттар оның қызметкерлеріне тергеуге қатысы бар «электрондық деректерді», соның ішінде электрондық құрылғылардан «ұялы телефондағы мәтіндік хабарламалар, электрондық хаттар, хабарламалар және топтық чаттарды», сондай-ақ «құжаттар, суреттер, аудио және бейнелер, қосымшалар және журнал жазбаларын» жинауға рұқсат береді.
Әкімшілік істерді қарау ережелеріне сәйкес полиция «анықтама жүргізе» алады. Ол үшін полиция қызметкеріне полицияның жеке куәлігін көрсету жеткілікті. «Дәлелдерді жинау» кем дегенде екі полиция қызметкері жеке куәлігін көрсеткен жағдайда мүмкін болады.
«Электрондық деректерді жинау және алуды екі немесе одан да көп тергеушілер жүзеге асырады», – делінген бұйрықта.
Алайда полиция тергеуді тек «күдікті туралы негізгі ақпаратты» анықтау, тіпті заңсыз немесе қылмыстық әрекеттің болғанын анықтау үшін жүргізе алады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!