Фото: Sputnik / Илья Питалев
Sputnik. Қытай Украинаға жаңа гуманитарлық көмек көрсетуге дайын. Бұл туралы ҚХР СІМ басшысы Ван И украиналық әріптесі Андрей Сибигамен БҰҰ Бас Ассамблеясы алаңында өткен кездесуде айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
«Қытай Украинадағы гуманитарлық жағдайға мұқият назар аударады, қазірдің өзінде Украинаға төрт партия гуманитарлық көмек көрсетілді және Украинаның қажеттіліктеріне сәйкес жаңа көмек көрсетуге дайын», – деді Ван И.
Ол сондай-ақ Украина Қытай азаматтары мен елдегі мекемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиімді шаралар қабылдауды жалғастырады деп үміттенді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!