Қытай бүгін таңертең жүк таситын «Тяньчжоу-5» ғарыш кемесін ұшырды.
Бұл кеме ғарыш стансасының құрылысына қажет жүкті жеткізеді. Оның міндеті – стансаны жабдықтау.
Бұл жолы кемеде стансаның орбитасына керек жанармай және сәл кейінірек, 2022 жылдың желтоқсанында ұшатын Шэньчжоу-15 басқарылатын ғарыш кемесі экипажын қамтамасыз етуге қажет материалдар бар.
Айта кетейік, ғарыш стансасының құрылысы осы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.
«Тяньчжоу-5» ғарыш кемесі бортына тиелген CZ-7 Y6 /Long March-7 Y6 зымырантасығышы Хайнань арал-провинциясының оңтүстік-қытай жағалауында орналасқан Вэньчан космодромынан ұшырылды.
Бұл жайында Қытай ғарыш бағдарламасы кеңсесінің мәліметінен белгілі болды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!