Қытайда «Аспандағы баспалдақ» деп аталатын жаңа туристік орын пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Экстримді сүйетіндер үшін ашылған жер Цисин тауында, екі жартастың қақ ортасында орналасқан. Ұзындығы 168 метрдей болады.
Қытайдың Хунань провинциясындағы Чжанцзяцзе табиғи саябағы биік таулы шыңдарымен, көз сүйіндірер әдемі бедерімен танымал. Бұл жерге экстримді жаны сүйетін, жүйкесін бір сілкіп алғысы келетін саяхатшылар жиі ат басын бұрады. Әсіресе жаңадан ашылған аспандағы баспалдақты көруге, онымен жүріп өтуге келетіндердің қарасы қалың.
Ұзыннан ұзақ биікте тізбектелген жол болат тұтқа, аяқ тіреуіштері мен арқан, кабель сияқты сенімді құралдармен жабдықталған.
Баспалдақтың жоғарғы және төменгі бөлігі 8 арқанмен мықтап бекітілген. Оның әрқайсысы 8 тоннаға дейінгі салмақты көтере алады. Сол себепті туристер еш алаңдамай, баспалдақтың қауіпсіз екенін көз жеткізе алады, – деді Ұлттық табиғи саябақтың қызметкері Чжан Чжанцзяцзе.
Баспалдақпен бір бағытта жүріп өту құны 80 доллар. Тәжірибе жасамас бұрын турист жаттықтырушыдан кеңес алып, қауіпсіздік үшін қорғаныш кеудешесін киіп, белдік тағу қажет. Ал онымен өткенде еңкейіп жүру керек. Дәл осылай биік жартас үстімен жүріп өткен меймандар өздерінің алған әсерімен бөлісті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!