фото: baq.kz

Қытайдың Гуйчжоу провинциясында Хуацзян шатқалы арқылы өтетін көлік көпірі іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның Бэйпаньцзян өзенінен биіктігі 625 метрді құрайды. Бұл Сан-Францискодағы «Алтын қақпа» көпірінен тоғыз есеге жуық биік.

Құрылысы үш жылға созылған нысанның жалпы ұзындығы — 2,9 шақырым, ал негізгі аралығы — 1,42 шақырым. Жергілікті билік мәліметінше, бұл — таулы аймақта салынған болат ферма арқалықтарына негізделген әлемдегі ең ірі аспалы көпір.

Жаңа көпірдің арқасында шатқалды кесіп өту уақыты екі сағаттан бар-жоғы екі минутқа дейін қысқарды. Гуйчжоу провинциясы бекерден-бекер «көпірлер елі» атанбайды — мұнда 30 мыңнан астам көпір бар, олардың үшеуі әлемдегі ең биік көпірлердің қатарына кіреді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!