Фото: CC0 / maja7777

Sputnik. Қытайдың Шаньдун провинциясында алапат торнадо көтерілді. Табиғи апаттан бес адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

5 шілде күні Хэцзе қаласындағы Дунмин мен Цзюаньчэн уезінде үлкен торнадо көтерілген. 88 адам жарақат алды. Соның ішінде 5 адам қайтыс болды.

Қатты құйын мен жел мыңдаған құрылыс нысандарын зақымдады. Алдын ала мәліметке сәйкес, 2 820 нысын мен 48 электр желісіне зақым келді. Торнадо 4 060 гектар ауыл шаруашылығы жерлерін де қопарып өтті.

Шұғыл шаралардың нәтижесінде көлік қатынасы, байланыс, су мен электр желілер қалпына келтірді. Қытайдың ұлттық климат орталығының мәліметі бойынша Шаньдун провинциясында жыл сайын бірнеше рет торнадо көтеріліп тұрады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!