Қытайдың мемлекеттік метеорологиялық орталығы ҚХР-дың бірқатар өңірінде аптап ыстық салдарынан қызғылт сары деңгей жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, 27 шілдеде Оңтүстік Қытайдың көптеген аудандарында және Шыңжаң-Ұйғыр автономия өлкесінде (ШҰАӨ) ауа температурасында 35 градустан асады.
Ведомство Чжэцзян, Цзянси, Хунань провинцияларында, сондай-ақ ШҰАӨ-де термометр бағаны 40 градустан асатынын атап өтті. Елде аптап ыстық жеті күнге созылады.
Дүйсенбі, 25 шілдеде Гуанчжоу қаласында (Гуандун провинциясы, Оңтүстік Қытай) температура 42,4 градусқа жетті. Осыған байланысты Қытай мегаполисінде температура қаупінің ең жоғары, қызыл деңгейі енгізілді.
Жергілікті синоптиктердің болжамынша, Гуанчжоудағы аптап ыстық 31 шілдеге дейін созылып, 23 күнге жалғасады.
Бұл 1951 жылдан бергі ең ұзақ жоғары температура кезеңі болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!