Фото: aa.com.tr/ru

KAZINFORM – Қазақстандық сейсмологтар  23 мамыр күні Қытайда болған бірнеше жер сілкінісін тіркеді.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 2024 жылдың 23 мамырында 20:07-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 481 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.2. MPV магнитудасы – 4.6. Жер сілкінісінің координаттары 41.60° с.е. 82.24° ш.б. Тереңдігі – 10 км.

Екінші жер сілкінісі 20:38-де  тіркелген. Ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 492 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық класы – 9.7. MPV магнитудасы – 4.4.Жер сілкінісінің координаттары 41.60° с.е. 82.24° ш.б. Тереңдігі – 5 км.

Үшінші жер сілкінісі 21:05.-де  тіркелген. Ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 490 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық класы – 10.2. MPV магнитудасы – 4.0. Жер сілкінісінің координаттары 41.97° с.е. 82.63° ш.б. Тереңдігі – 5 км.

Арада алты минут өткенде 21:11-де төртінші жер сілкінісі тіркелді. Ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 493 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық класы – 10.3. MPV магнитудасы – 4.5. Жер сілкінісінің координаттары 41.98° с.е. 82.68° ш.б. Тереңдігі – 5 км.

23 мамыр күні сағат 22:38 – де бесінші жер сілкінісі тіркелді. 

Ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 482 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық класы – 9.9.MPV магнитудасы – 4.1. Жер сілкінісінің координаттары 41.56° с.е. 82.33° ш.б. Тереңдігі – 5 км.

Қазақстан Республикасының аумағында сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша) туралы ақпарат – жоқ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!