KAZINFORM – Қытайдың танымал тренд ойыншықтар бренді Pop Mart компаниясының Labubu ойыншығының сатылымы өткен жылы 100 миллионнан асқан, деп хабарлады Lianhe Zaobao.

Fengmian News пен Гонконгтағы Hong Kong Economic Journal басылымдарының хабарлауынша, Pop Mart компаниясы 7 ақпанда жылдық жиынын өткізген.

Іс-шара барысында компанияның негізін қалаушы Ван Нин 2025 жылғы нәтижелерін жариялады.

Оның айтуынша, Labubu ойыншығының жылдық сатылымы 100 миллионнан асып, ал Pop Mart компаниясының барлық санаттар мен IP өнімдерінің жиынтық сатылымы 400 миллионнан жоғары болған.

Деректерге сәйкес, 2025 жылы Pop Mart компаниясының әлем бойынша қызметкерлер саны 10 мыңнан асып, тіркелген пайдаланушыларының жалпы саны 100 миллион адамға жеткен.

Pop Mart бүгінде Қытайдың түпнұсқа брендтерін халықаралық нарыққа табысты шығарған үлгілі компаниялардың бірі ретінде бағаланып отыр.

Ван Ниннің айтуынша, компанияның бизнесі 100-ден астам ел мен аймақты қамтиды, әлем бойынша 700-ден астам дүкені бар. Сонымен қатар Pop Mart алты ірі өндірістік және логистикалық базаға ие болып, 200 мыңнан астам жұмыс орнының құрылуына ықпал еткен.

Айта кетейік, Labubu — Гонконгтік POP MART компаниясына қарасты, суретші Kasing Lung ойлап тапқан ерекше кейіпкер. Оның ұсқынсыз әрі сүйкімді бейнесі, үлпілдеген шашы мен айқайлап тұрғандай әсер қалдыратын бет әлпеті жастардың бірден назарын аударды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!