Әлемдегі орталық банктердің 90 проценті цифрлық валютаны зерделеп жатыр. Бұл туралы Ұлттық банкі мәлім етті. Ресейде жаңа төлем құралын енгізу тәртібі талқылануда. Ал Қытайда цифрлық юаньмен алғашқы несие берілді. Операцияны Қытайдың муниципалды банкі жүргізген. Бұл цифрлық валютаны тестілеу аясында жасалды. wfin.kz порталының хабарлауынша, Сучжоу қаласындағы мунипиалды банк жеке компанияға 500 мың юань несие берген. Алдағы уақытта цифрлық валютаны сынақтан өткізуге Қытайдың  бақа қалалары да қосылуы мүмкін. Электронды ақшаны жүктеу механизміне тоқталсақ. Қаржы цифрлық әмиянға түседі. Ал несиені Қытайдың орталық банкінің платформамасы арқылы жабады. Осылайша заманауи төлем құралы сынақтан өткізіліп жатыр. Биыл бес айда электронды июаньмен 264 миллион транзакция жасалған. Осындай жолмен аударылған ақша көлемі 12 миллиард долларды құрапты. Қытай халық банкінің мәліметінше, цифрлық юань әмиянды халықтың бестен бір бөлігі жүктеген. Бірақ ересектердің 44%-і бұл қосымшаны пайдаланбайтынын айтқан. Халықтың бір бөлігі электронды әмиянның қажет емес десе, қалғаны оның қалай жұмыс істейтінін білмейді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!