Қытай билігі 2025–2027 жылдар аралығына арналған өзендер мен көлдерді қорғау және абаттандыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.
Жоспарда су экожүйелерінің сапасын жақсартуға баса назар аударылған.
21 мамырда ҚХР Экология және қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен басқа да үкіметтік ведомстволар бірлесіп жариялаған құжатта 2030 жылға дейін өзендер мен көлдерді абаттандыруды айтарлықтай ілгерілету, ал 2035 жылға қарай бұл процесті толық аяқтау міндеті қойылған.
Ел деңгейінде қорғалатын және абаттандырылатын өзендер мен көлдердің тізіміне 2573 өзен мен су айдыны енгізілген. Олардың қатарында ірі өзендердің негізгі арналары, экологиялық маңызы бар басты көлдер мен су қоймалары бар.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!