Қытайдың XPeng электромобиль өндіруші компаниясы Land Aircraft Carrier автомобилінің алғашқы модулін құрастырды. Осылайша елде ұшатын автокөлік өндірісі басталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.
Гуанчжоу қаласында орналасқан зауыттың құрылысы өткен жылдың қазан айында басталып, биыл қыркүйекте іске қосылған. Жалпы аумағы 120 мың шаршы метрді құрайды.
Бастапқы кезеңде зауыт жылына 5 мың модуль жинайды, кейін көрсеткішті 10 мыңға дейін арттыруды жоспарлап отыр.
«Бұл — әлемдегі басқа да ұқсас зауыттармен пара-пар ең ірі өндірістік қуат. Зауыт толық іске қосылғаннан кейін әр 30 минут сайын бір ұшатын аппарат құрастырады»,—делінген хабарламада.
XPeng компаниясы алғашқы өнімін таныстырғаннан кейін 5 мыңға жуық ұшатын көлікке тапсырыс алған. Сериялық өндіру және жеткізу 2026 жылға жоспарланып отыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!