Қытайда 35 адамды өлтірген көлік жүргізушісі өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қытайдың орталық телевидениесінің мәліметінше, ер азамат кінәсін мойындаған.

Естеріңізде болса, 11 қараша күні елдің оңтүстігіндегі Чжухай қаласында Фань Вэйцю есімді ер азамат бір адамды көлікпен қағып өлтірген. Әйелімен ажырасқан ол спортпен шұғылданып жүрген адамдарды соққан. Салдарынан 35 адам көз жұмып, 43-і жарақат алды. Жүргізуші оқиға орнынан қашып құтылмақ болғанымен, оны полиция ұстаған.

Сот Фань Вэйцюді өлім жазасына кесті. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!