Фото: CCTV

KAZINFORM – Үйінді астынан 31 адам шығарылып, ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында тас жолдың бір бөлігі опырылып, 18 көлік үйінді астында қалды.

Оқиға сәрсенбіге қараған түні Мэйчжоу қаласында болған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар үйінді астынан 31 адамды алып шықты. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Үйіндіні қазу жұмыстары жалғасып, оқиғаның себебін анықтау жұмыстары жүргізіп жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!