Фото: CASC
Қытайда жүк тасымалдауға арналған CH-YH1000 атты перспективалы ұшқышсыз ұшу аппараты алғаш рет көкке көтерілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Global Times басылымына сілтеп.
Ұшақ түріндегі жүк дронын Қытайдың мемлекеттік аэроғарыштық ғылым және технологиялар корпорациясы (CASC) жасап шығарған. CH-YH1000 1000 келіден астам жүк көтере алады. Оның ұшу биіктігі – 8000 метрге дейін, ал әуеде болу ұзақтығы шамамен 10 сағатқа созылады.
Мамандардың айтуынша, сынақтар аяқталған соң бұл дрон орталық және батыс Қытайдағы таулы және қолжетімсіз аймақтарға жүк жеткізу логистикасында маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ CH-YH1000 автожолдарда, қатты топырақта және шөпті алаңдарда ұшып-қонуға қабілетті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!