KAZINFORM – EHang Holdings компаниясының VT35 өздігінен жүретін таксиі Қытайда шығарылып, Аньхой провинциясының Хэфэй қаласында таныстырылды, деп хабарлайды FOX Business.
Екі орындық ұшақ басқарудың автономды жүйелерімен, электр қозғалтқышымен және ықшам корпусымен жабдықталған, бұл қалалық жерлерде 160 км-ге дейінгі ұзақ қашықтыққа ұшуды қауіпсіз және тиімді етеді.
Ұшақ сегіз тік ұшып көтерілу және қону бұрамасымен жабдықталған, яғни VT35 шатырларға, тұрақтарға және басқа құрылымдарға қона алады.
Екі орындық ұшақта сонымен қатар былғары қап пен бақылау тақтасы, ойын-сауық орталығы қызметін атқаратын сенсорлық экран интерфейсі бар.
Ұшақтың жаһандық нарыққа шығарылатын күні жарияланған жоқ. Алайда, кей деректерге сәйкес, оның бағасы шамамен 913 000 АҚШ доллары болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!