Сурет: freepik (AI-generated)

Қытайлық сотталушы жәбірленушінің үйінің алдына 18 үстелге салтанатты дастархан жайып, түрмеден шыққанын атап өтті. Бұл туралы Сян есімді жігіттің желіде таратқан бейнероиктерінен белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

South China Morning Post мәліметінше, Сянь өлтірілген адамның ұлы, Сычуань провинциясының тумасы. Ол әкесінен 15 жасында айрылған. Көршісінің тапсырысы бойынша үш киллер 39 жастағы адамды өзінің жатын бөлмесінде өлтіріп, денесін өртеп жіберген.

Көп ұзамай полицейлер үш киллер мен тапсырыс берушіні ұстады. Олар өлім жазасына кесілген. Алайда, Қытайдың қылмыстық кодексіне сәйкес, егер сотталушы жақсы мінез-құлық танытса, онда өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айрылуға ауыстырылуы мүмкін, ал егер сотталушы жазасын өтеу кезінде өзін оң жағынан көрсете берсе, онда бұл мерзім мүлдем қысқаруы мүмкін.

Осылайша сотталушы 20 жыл түрмеде отырғаннан кейін босап шықты. Артынша, өзі өлтірген адамның үйінің алдында салтанатты шара ұйымдастырды. Қонақтар жергілікті полиция мен шенеуніктер араласқанға дейін тойлады.

Билік өкілдері сотталушымен және оның отбасымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!