Фото: Energy monitor ақпараттық-сараптамалық каналы

KAZINFORM – Грек туының астындағы Sounion танкері 21 тамыз күні хуситтердің зымыран соққысынан кейін отқа оранды. Кеменің бортында 150 мың тонна мұнай (1 миллион баррель) бар, бірақ әзірге аға қоймаған. Алайда экологиялық қаупі жоғары. Бұл туралы Energy monitor ақпараттық-сараптамалық каналы хабарлады.

Қыркүйек айының басында хуситтер танкерді сүйреуге рұқсат берді. Бірақ сарапшылар палубадағы өрт ошақтары мен жоғары температураға байланысты бұл процесті қауіпті деп тапты. Басқадай шешімдер ұзақ уақыт зерттелді.

Жанып тұрған мұнай танкері өтіп бара жатқан кемелерге қауіп төндіреді. Оның жанында грек құтқару кемесі, грек фрегаты «Псара» және француз әскери кемесі кезешілік етіп тұр. Барлығы танкер мен ондағы жүкті құтқарудың жаңа әрекетінің басталуын күтіп тұр.

Тасымалдауға ЕО Әскери-теңіз күштерінің Aspides миссиясы көмектеседі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!