Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 29 сәуір – 1 мамыр аралығында Қызылорда қаласы «Мұз айдыны» спорт кешенінде мəнерлеп сырғанаудан Əлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаеваның жүлдесіне арналған республикалық турнир өтеді.

Ел мақтанышының жүлдесіне арналған биылғы жарыс бесінші мәрте ұйымдастырылуда.

Республикалық турнирге Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және облыс орталықтарынан 10 команда қатысады.

Дүбірлі сайыста 5-18 жас аралығындағы спортшылар қысқа жəне еркін бағдарламаларда өнер көрсетеді.

Турнирдің құрметті қонағы ретінде ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Элизабет Тұрсынбаева қатысады.
Бас төрешілік қызметті халықаралық дәрежедегі төреші Айгүл Қуанышева (Алматы қаласы) атқарады.
Айта кетейік, жарыс карантин талаптарын сақтай отырып, көрермендерсіз өткізіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!