Қытайлық параплан ұшқышы Пэн Юйцзянды ауа ағыны абайсызда 8 мың метр биіктікке көтеріп жібергеннен кейін, ол жарты жылға бұл спорт түрімен айналысу құқығынан айырылды. Бұл оқиға оның бейнежазбасы интернетте кеңінен таралған соң белгілі болды, деп хабарлайды “Адырна”.

The Guardian мәліметінше, күшті көтерілу ағыны Пэн Юйцзянды Эверест тауының биіктігіне тең деңгейге дейін көтеріп жіберген.

Бастапқыда Пэн Юйцзян Қытайдың солтүстігіндегі Цилянь тау жотасында шамамен 3000 метр биіктіктен ұшуға дайындалып, тек жаңа ескі жабдықты сынамақ болған. Ұшу басталғаннан кейін шамамен 20 минут өткен соң, күшті көтерілу ағыны оны 5000 метрден астам биіктікке көтеріп жіберді.

Пэннің үстіне орнатылған камера түсірген видеодан оның бұлттардың үстінде ұшып бара жатқаны және денесі мұз болып қатқанын көруге болады. Сол биіктікте ауа температурасы -35 градусқа дейін төмендеген.

Билік өкілдері Пэннің төзімділігіне таңғалып, оны мақтады — өйткені қарапайым адам 8000 метр биіктікте оттегісіз ұзақ уақыт бола алмайды. Ал Пэн бір сағаттан астам ауада болып, жерде қалған досы Гу Чжиминмен радиобайланысты сақтап отырған.

Пэннің бұл рекорды ресми түрде тіркелмейді, себебі оның ұшу деректері алдын ала тіркелмеген. Дегенмен, бұл жетістік 2007 жылы неміс парапланеристкасы Эва Вишнерска қойған 9946 метрлік әлемдік рекордқа жақын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!