Фото: Pixabay.com

Ресейдегі Оңтүстік әскери округінде ядролық қаруды дайындау мен қолданудың тәжірибелік сынақтары басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әскери округтің әскерилері «Искандер» жедел-тактикалық зымыран жүйесіне арнайы оқ-дәрілер алу бойынша жауынгерлік дайындық тапсырмаларын орындады, сонымен қатар зымырандарды ұшыруға дайындық үстінде.

«Жаттығуға қатысқан Ресей аэроғарыш күштерінің авиациялық бөлімшелерінің жеке құрамы арнайы жауынгерлік авиациялық қару-жарақ бөлімшелерімен, соның ішінде «Кинжал» аэробаллистикалық гипер дыбыстық зымырандарымен жарақтандыруға машықтанды және арнайы патрульдік аумақтарға ұшып көрді», – делінген ведомство хабарламасында.

Ресей қорғаныс министрлігі  «жаттығулар стратегиялық емес ядролық қаруды жауынгерлік қолдану бөлімшелерінің жеке құрамы мен техникасының жауап беруге дайындығына және Ресейдің аумақтық тұтастығы мен егемендігін сөзсіз қамтамасыз етуге бағытталған» деп хабарлады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!