Фото: © Сергей Булкин/ ТАСС

KAZINFORM — Ресей президентінің арнайы өкілі және Ресей тікелей инвестициялар қорының бас директоры Кирилл Дмитриев Флорида штатының Майами қаласында Украина бойынша келіссөздер жергілікті уақыт бойынша 20 және 21 желтоқсанда жалғасатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

– Талқылау сындарлы түрде жүріп жатыр, – деді Кирилл Дмитриев тілшілерге.

Ресейдің тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриев 20 желтоқсанда АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткоффпен және Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнермен кездесу үшін Америка Құрама Штаттарына барды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, екі күндік АҚШ-Украина келіссөзі 20 желтоқсанда Майамиде аяқталды. Украина делегациясының басшысы, Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рүстем Умеров Майамиде «америкалық және еуропалық серіктестермен» кездесу өткізілетінін жариялады, бірақ егжей-тегжейлі ақпарат бермеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!