Фото: Sputnik / Павел Бедняков
Sputnik. НАТО-ның Украинадағы Альянс шекарасын Ресейге жақындату әрекеттері сәтсіздікке ұшырады, деді Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
“НАТО-ның Украинаны біздің шекарамызға жақындатуына жол бермейміз», – деді ол бірнеше басылымдардың, соның ішінде Sputnik радиосының журналистеріне берген сұхбатында.
Оның айтуынша, Еуропа елдерінде сайлаушыларды алдағы сайлау қарсаңында «ресейлік қауіппен» қорқытып жатыр. Бірақ Мәскеудің Еуропа елдеріне шабуыл жасауға еш ниеті жоқ дейді Лавров.
Министр қазіргі еуроатлантикалық қауіпсіздік тұжырымдамасы өзінің формасын жойды, одан да еуразиялық қауіпсіздік туралы сөз қозғаудың болашағы бар, өйткені бұл бір континент және бұл схемаға мұхиттың ар жағынан ешкім қатыспайды дейді.
Бұл тұжырымдама ЕАЭО, ҰҚШҰ, ШЫҰ, ТМД сияқты барлық жобаларды біріктіруге негізделуі тиіс.
«Континенттің батыс бөлігі, барлығы үшін біздің есік ашық. Бұл біздің ортақ монастырымыз және бұл жерде біз өзімізді лайықты ұстауымыз керек. Осы болашақ құрылымдарға американдықтардың мүдделерін кірістірмеуіміз керек. Олар барлық осы процестерге кірісуі мүмкін, сондай—ақ қазіргі күні олар Азия-Тынық мұхиты, Үнді мұхиты және тағы басқаларға кірісіп жатыр», – дейді Ресей СІМ басшысы.
Ресейге қарсы санкцияларға түсініктеме бере отырып, Лавров Батыс санкцияларды ойланбастан өсіріп жатқанын және оның нәтижесі туралы да ойланбайтынын айтты.
«Олар еш ойланбастан бұл санкцияларды арттырып жатыр және нәтижесі қандай болатынын да ойлап тұрған жоқ. Ал нәтиже алғашқы күндерден бастап, арнайы әскери операцияға дейін, «Қырым» санкциялары болған кезде-ақ айқын болды», – деді министр.
Ол Ресей барлық салаларда, соның ішінде оның дамуын шектей алатын жерлерде Батысқа тәуелді болмауға шешім қабылдағанын айтты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!