Фото: Sputnik / Станислав Красильников

Sputnik. Ресей Федерациясының қарулы күштері 2 күнде Курск облысындағы 10 елді мекенді азат етті, деп хабарлады РФ қорғаныс министрлігі.

“Шабуыл операцияларын жүргізу барысында “Солтүстік” әскер тобының бөлімшелері екі тәулік ішінде 10 елді мекенді азат етті: Апанасовка, Бяхово, Вишневка, Викторовка, Внезапное, Гордеевка, Краснооктябрьское, Обуховка, Снагост және 10-ый Оңтябрь”, – делінген хабарламада.

Қорғаныс департаментінің мәліметінше, Украина қарулы күштерінің бір тәулік ішінде Курск бағытындағы шығыны 300-ден астам әскери қызметкер мен 24 броньды техниканы, оның ішінде бес танкті құрады.

Курск бағытындағы ұрыстарда Украинаның жалпы шығыны барлығы 12,5 мыңнан астам әскери қызметкер, 101 танк, 42 жаяу әскер машиначэсы, 83 броньдалған тасымалдағыш, 669 әскери броньдалған машина, 410 автомобиль, 92 артиллериялық қару, 26 жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйенің іске қосу қондырғысын құрады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!