Белгілі украиналық журналистің пікірінше Ресей Украина аумағын жаулаған соң Қазақстанға да басып кірер еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Гордон өз YouTube-арнасында көрермендердің сұрағына жауап беріп, Ресейдің Қазақстанға соғыс ашуы қаншалықты мүмкін екенін түсіндіріп көрді.
«Ресей Қазақстанмен қуана-қуана соғысар еді, аумағына кіріп, басып алады. Алайда қазір оның екі соғысты жүргізуге шамасы жетпейді. Біз оны шаршаттық», – деді ол.
Журналист Ресей президенті Владимир Путиннің Кеңес үкіметін қайта құрғысы келетінін айтады.
«Толығымен болмаса да Украина, Ресей, Беларусь пен Қазақстанды біріктіреді. Егер мүмкін болса Тәжікстан мен Өзбекстан, әрі қарай да жылжиды. Балтық жағалауының кеткені белгілі. Бірақ Грузия, Армения мен Әзірбайжан бар. Мұның барлығы ол үшін Совет өкіметі», – дейді Гордон.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!