Ресей Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу күндері уақытша атыс тоқтайтынын жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ресей президенті Владимир Путиннің шешімімен Ресей тарапы 8 мамырға қараған түні сағат 00:00-ден бастап 11 мамыр сағат 00:00-ге дейін барлық ұрыс қимылын тоқтатады.
«Осы кезеңде барлық ұрыс қимылы тоқтатылады. Ресей украиналық тарап осы үлгіні ұстануы керек деп санайды», – деп жазылған хабарламада.
Украина тарапы бітімгершілікті бұзған жағдайда Ресей Федерациясының Қарулы Күштері тиісті жауап беретіні айтылған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!