Ресейдің Нижегород облысында Су-34 әскери ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бұл туралы жергілікті БАҚ жариялады.

Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ұшақ қонуға бет алған кезде ақау пайда болған. Экипаж мүшелері катапульт жүйесін дер кезінде іске қосып, аман қалған.

«Қару-жарақсыз ұшып жүрген ұшақ елді мекендерден алыс, адам жоқ аумаққа құлады. Зардап шеккендер жоқ», – деді ведомство өкілдері.

Айта кетейік, бұл – бір жылдың ішінде Ресейде құлаған үшінші Су-34 ұшағы. Бұған дейін 2023 жылдың маусым айында Солтүстік Осетияда оқу-жаттығу кезінде Су-34 апатқа ұшырап, екі ұшқыш қаза тапқан еді. Ал 2024 жылдың шілдесінде Волгоград облысында тағы бір Су-34 жерге құлап, ол кезде де экипаж катапультпен секіріп, аман қалған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!