фото: wikimedia.org
Ресейде Ан-26 ұшағы апатқа ұшырап, экипаждың алты мүшесі мен 23 жолаушы қаза тапты. Бұл туралы көрші елдің ақпарат құралдары Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлады.
Министрлік дерегінше, ұшақ апатқа ұшыраған орын анықталған. Ан-26 «техникалық ақауға» байланысты құлағаны айтылды. Мәліметтерге қарағанда, ұшақ жартасқа соғылған.
Осының алдында, 31 наурыз күні кешке Ресей қорғаныс министрлігі Қырым түбегі маңында ұшақпен байланыс үзілгенін хабарлаған. Сол кезде-ақ федералдық мекеме Ан-26-ны атып түсіруі мүмкін деген болжамды жоққа шығарған.
Ан-26 — «Антонов» бюросы құрастырған, көп мақсатқа пайдаланылатын ұшақ. Оны құрастыру 1964 жылы басталып, ұшақ алғаш рет әуеге 1964 жылы көтерілген. Ан-26 ұшағының экипажы әдетте алты адамнан тұрады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!