Фото: unsplash

2024 жылы Ресейде балалардың дүниеге келуінің тарихи ең төмен көрсеткіші тіркелді. Мұндай тоқырау 1999 жылдан бері тіркелмеген. Жарты жылдың қорытындысы бойынша, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда биыл 16,6 мың балаға аз бала туылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маусым айында Ресейде туу көрсеткіші 6%-ға 98,6 мың балаға дейін төмендеді, бұл рекордтық төмен көрсеткіш болды. Бұрын жаңа туған нәрестелер саны 100 мыңнан төмен болмаған.

«Ресейде бала туу көрсеткіші биыл ең төмен деңгейді көрсетті. Росстаттың мәліметі бойынша, 2024 жылдың бірінші жартысында Ресейде тек 599,6 мың бала дүниеге келді – бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,6 мыңға аз».

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!