Ресейде коронавирустың жаңа түрі тарап жатыр. Бұл туралы «Роспотребнадзор» мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.

Жұқтыру деректері Ростов облысы мен Уфада тіркеліп, 1 аптада 30 пайызға өскен.

Мамандар: «Бұл – жылдам тарайтын FLiRT омикронының буданы», – дейді. Оны жұқтырған адамның бойында безгек, жөтел, тұмау пайда болып, басы мен тамағы ауырады және иіс сезімі жоғалады.

Бұдан бөлек, кәдімгі тұмаумен ауырғандар қатары 50% артып отыр. Әзірге елде жаппай вакциналау басталған жоқ.

– Коронавирустың үшінші кезеңі басталды деп айтуға болады. Ол 2023 жылдың мамырында қатты таралып, кейін басылған еді. Инфекция жазда да, күзде де таралды. Бірақ әзірге пандемия кезіндегідей аса қауіпті емес. Мұны ұмытпаған жөн, – дейді дәрігер-эпидемиолог, РҒА академигі Геннадий Онищенко. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!