2025 жылдың 5 қаңтарында Атырау облысының полициясы Ресей ІІМ Қазақстандағы әріптестеріне жолдаған жадынама туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Біз «гармала» туралы айтып отырмыз.
«ҚР Ішкі істер министрлігінің атына Ресей Федерациясының ІІМ-нен Ресей Федерациясының аумағына кіретін Қазақстан Республикасының азаматтарының есірткі қылмысына тартылуының алдын алу мақсатында құрамында есірткі бар «адыраспан» өсімдігінің заңсыз айналымы үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделгені туралы жадынама келіп түсті», — делінген Атырау облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Қазақстанда «гармала» адыраспан деп аталады. Ресейде бұл өсімдік құрамында психотропты алкалоидтар болғандықтан, тыйым салынған өсімдіктердің тізіміне енгізілген. 2024 жылдың жазында Қазақстанның Бас прокуратурасы осы тыйымға байланысты біздің азаматтарға жүгінген болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!