Ресейдің «Луна-25» aвтоматты станциясымен байланыс үзілді, – деп хабарлады Роскосмос. «Алдын ала талдау нәтижесі бойынша нақты импульс параметрлерінің есептелгеннен ауытқуына байланысты «Луна-25″ ғарыш кемесі жоспардан тыс орбитаға ауысып, Ай бетімен соқтығысуы салдарынан жұмысын тоқтатты», – деп жазылған хабарламада. Ұшу бағдарламасына сәйкес, 19 тамызда станцияға қону алдында эллиптикалық орбитаға өту үшін импульс берілген. Мәскеу уақытымен сағат 14:57 шамасында автоматты станциямен байланыс үзілді. «Луна-25» іздеу және онымен байланысқа түсу жөніндегі іс-шаралар нәтиже бермеді. Станцияның жоғалу себебін анықтау мәселелерімен арнайы құрылған ведомствоаралық комиссия айналысады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!