Кaz.zakon.kz. Ресей Үндістаннан бір миллион жұмысшы алмақ. Себебі елде барлық салада маман тапшы. Көші-қон саясаты қатаңдатылған соң, Орталық Азия мемлекеттерінің азаматтарының дені елдеріне оралған.

Жыл сайын Ресейге он миллионға жуық еңбек мигранты келетін. Құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану, такси қызметінде жұмыс істейтіндердің 70 пайызы шетелдік.

Елде инфляция шарықтап, айлық қысқарды. Сонымен қатар миграциялық талап қатаңдатылды. Шетелдік жұмысшыларға қатысты 16 заң шықты.

Салдарынан еңбек мигранттарының 600 мың баласы мектепке қабылданбады. Сондықтан шетелдік жұмысшылар өз мемлекеттеріне кетуге мәжбүр. Орталық банктің мәліметінше, бүгінгі күні кәсіпорындардың 73 пайызында кадр дефицит, деп жазады qazaqstan.tv.

Қазіргі таңда Ресейде жұмыс істейтін шетелдік жұмысшы саны 4 миллионға жетпейді. Сондықтан Үкімет Үндістан, Солтүстік Корея, Шри-Ланкадан жұмысшы тартпақ. 2030 жылға дейін кадр тапшылығы мәселесі шешілмейді, дейді мамандар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!