Ресейлік музыкант Максим Фадеев Қуандық Бишімбаевтың қолынан мерт болған Салтанат Нүкеноваға арнап ән шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол 23 мамырда Instagram желісінде Salta деп аталатын әннің үзіндісін бөлісті. Ән 31 мамырда жарық көреді екен.

«Салта. 31 мамыр. Оның ғұмыры музыкада жалғасын тапсын», – деп жазды Максим Фадеев.

Марқұмның ағасы мен әпкесі туынды үшін алғыс айтты. 

“Салта, Салта, үнсіздік айқайдан да қаттырақ” делінген әннің үзіндісінде.

Қазақстандықтар бұл әнге өз пікірлерін білдірді.

«Максим, барлық қазақ әйелдерінің атынан рахмет!”, «Бұл ән Бишімбаевқа тағы бір соққы жасады”, «Рахмет, Максим! Қазақстан әннің не туралы екенін бірден түсінді!», «Салтанат бүкіл әйелдер үшін еркіндіктің символына айналды» деді желідегілер.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!