Фото: ТАСС

Ресейлік рэп орындаушы Алишер Моргенштерн су тасқынынан зардап шеккен Қостанайға гуманитарлық көмек тиелген жүк көлігін жібереді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Орындаушы гуманитарлық көмекті зардап шеккендерге көмектесетін қоры арқылы жібергенін айтты. 

“Қостанай, Қазақстан сіздерге де гуманитарлық көмек тиелген жүк көлігі жиналып жатыр. Қазір біз “Крокус”, Орск және Қостанаймен айналысып жатырмыз. Егер сіз осы жағдайлардың құрбаны болсаңыз – ботқа жазыңыз. Пайдаға кенелемін немесе бізді алдаймын деп ойласаңыз –жүзіңізді бүкіл әлем көреді. Зардап шеккендердің бәріне біз туралы айтыңыздаршы, өтініш. Ақша көп, қалауыңызға қарай анонимді болатынына кепілдік беремін”, – деп жазды Моргенштерн Telegram-арнасына. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!