Иран билігі жаппай наразылықтар кезінде қаза тапқандардың алдын ала тізімін жариялады. 1 ақпан күні президент Масуд Пезешкианның әкімшілігі жариялаған құжатта 2 985 адамныңдерегі көрсетілген, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Мәлімдемеде ресми қаза тапқандар саны 3 117 адам деп көрсетілгені, ал жарияланған тізімдегі марқұмдар саны одан 131-ге кем екені айтылған. Билік бұл айырмашылықты 131 адамның жеке басы әлі анықталмағанымен түсіндірді, олардың аты-жөндері қосымша тізімде берілмек.
Айта кетейік, Ирандағы толқулар 29 желтоқсанда риал бағамының күрт төмендеуіне байланысты өткен көшедегі наразылық акцияларынан кейін басталып, елдің көптеген ірі қалаларын қамтыған еді. Иран сыртқы істер министрі Аббас Арагчидің айтуынша, 8 қаңтардан бастап шерушілер арасында қарулы террористер пайда болған. Тегеранда тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру жауапкершілігі Израиль мен АҚШ-қа жүктелді.
23 қаңтарда Арагчи қаза тапқандардың жалпы саны 3 117 адам екенін хабарлап, олардың арасында бейбіт тұрғындар да, қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері де бар екенін мәлімдеген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!