Фото: instagram.com/realdonaldtrump
KAZINFORM—Дональд Трамп бүкіл әлемді дүр сілкіндіргеннен кейін ертесінде АҚШ президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды. Вице-президенттікке кандидат ретінде ол сенатор Джеймс Дэвид Вэнсті таңдады, деп жазады Еuronews.
Республикалық партия, жоспардағыдай Милуокидегі ұлттық конвенция барысында Дональд Трампты АҚШ-тағы 5 қарашадағы президенттік сайлауға кандидат ретінде ұсынды. Ол делегаттардың 2400 дауысының жартысынан көбін жинады және бейсенбіде партия съезінде сөйлеген сөзінде бұл миссияны қабылдайтынын ресми түрде жариялайды.
Бұған дейін Трамп Огайо штатының республикалық сенаторы Джеймс Дэвид Вэнсті АҚШ вице-президенттігіне кандидат етіп таңдағанын хабарлады.
«Көп ойланып, басқа да көптеген үміткерлерге қарай отырып, мен АҚШ-тың вице — президенті лауазымына ең лайықты адам Огайо штатының сенаторы Джеймс Дэвид Вэнс деп шештім», — деп жазды Трамп Truth Social-дағы жазбасында.
Қазіргі президент Джо Байден Трамптың бұл таңдауына түсінік бере отырып, X әлеуметтік желісінде Джей Ди Вэнстің қарапайым жұмысшылар туралы көп айтатынын, бірақ шын мәнінде Трамппен бірге орта таптағы отбасыларға салықты көтергісі келетінін, сонымен бірге байларға салықты төмендетуге ұмтылатынын жазды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!