Фото: Katolik.life
Рим папасы Франциск, Қазақстандағы тасқынның беті қайтсын деп дұға оқыды. Ол әлем халқын табиғи апаттан зардап шеккен адамдар үшін дұға етуге шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
«Елдің көп бөлігін тасқын жайлап, мыңдаған адам үйінен көшкен тұста Қазақстан халқына рухани жақындығымды білдіргім келеді. Баршаңызды табиғи апаттан зардап шеккен барлық жан үшін дұға етуге шақырамын», – деді Рим Папасы Франциск.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!